Қытай компаниясы Шымкентте жаңа зауыт ашпақ. Жоба жүзеге асса, 150 жаңа жұмыс орны пайда болады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
2017 жылдың қарашасында «Сracking catalуst » ЖШС ашылды. Өткен жылы серіктестік өндіріс базасын құрып, бүгінде өз қоймалары бар. Тіпті сілтіні ерітетін қондырғы да орнатылды.
Кәсіпорын түрлі қойытылған ерітіндіде каустикалық сода дайындайды. Өнім Қазақстанда ресми тіркелген.
Кәсіпорынның басты бағыты Шымкент мұнай өңдеу зауытын каталитикалық крекинг қондырғыларымен қамту. Бұл қондырғылар ЖЖМ мен мотор майларын өндіруде мұнайды терең өңдеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын каталитикалық крекинг өндірісі бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі — қытайлық компаниямен жұмыс істейді.
Қытай компаниясы катализатор өндірісі зауытын салу жөнінде ұсыныс жасады. Қазақстанда мұндай өндіріс орны жоқ. Бұл алғашқы зауыт болмақ. Биылғы жылдың сәуірінде қытайлық компаниямен меморандум түзілді»,- дейді «Сracking catalуst » ЖШС-нің бас директорыТәжіхан Жақсыбаев.
Қазіргі таңда қытайлық серіктестер зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесін дайындай бастады. Шымкентке 5-6 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құймақ. Зауыт іске қосылса, 150-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.