Қырғызстандағы Ыссық-Көл облысында орналасқан «Хан Тенгри» аңшылар лагерінде ер азамат екі адамды атып тастап, тағы біреуін пышақпен жарақаттап және әйелді кепілдікке алды, деп хабарлайды Neonomad.kz Sputnik Қырғызстан сайтына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 4 шілдеде орын алған. Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің ақпаратынша, 29 жастағы күзетші қылмыс жасады деп күдіктелуде.
«Асханаға кіріп келген ол басшы орынбасарына оқ жаудырып, оны өлтірген. Одан кейін лагердің 31 жастағы қызметкерінің ішіне оқ атып, жарақаттаған. Сол жерде түскі асын ішіп отырған ауыл тұрғыны күдіктіні ұстап алмақшы болғанда, ер азамат қолына пышақ сұққан. Тұрғын бөлмеден қашып шығып, өзін құтқарып қалған», – деп хабарлайды Қырғызстанның ІІМ.
Басшы орынбасары оқиға орнында көз жұмған. Ішінен жарақат алған басқа азамат болса медициналық көмекке барар жолда қайтыс болыпты. Күдікті обаға қарсы қызметінің 48 жастағы жұмысшы-әйелін кепілге алып, белгісіз жерге жасырынған.
«5 шілде, жұма күні, милиция қызметкерлері әйелді құтқару және күдіктіні ұстау бойынша арнайы операция жүргізуде», – делінген Қырғызстанның ІІМ таратқан ақпаратта.