Бішкектің орталық алаңына жиналған халық жемқорлармен күресу бастады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Айта кетерлігі, қоғам белсенділері митингті ұйымдастырмас бұрын биліктен рұқсат сұрамапты. Деседе, халықты қуып, не екі бүктеп алып кетіп жатқан полиция қызметкерлері жоқ. Құқық қорғау органдары қызметкерлері тек кезекшілік етуде
Сөйтіп, наразылық шарасына 200-дей адам қатысты. Олар биліктен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, жемқор шенеуніктерді қамауға алуды талап етуде.
Осыған ұқсас митингтер елдің өзге қалаларында да жоспарланған.