Сенбі, Қаңтар 23, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Қытайда көз жұмған қандасымыздың өмірінің соңғы сәттері видеоға түскен

Шілде 17, 2019
Қазақстан, Басты жаңалықтар, Қылмыс, Оқиға
qaz.neonomad.kz
Поделиться на Facebook

Қытайға білімін арттыруға кеткен қызымыздың елге денесі қайтты. Қытай полициясы ол өз-өзіне қол жұмсаған десе, қыздың құрбылары Сандираны біреулер 17-ші қабаттан құлатып жіберген дейді. Бірақ қыз өмірінің соңғы сәттерінде қандай күйде болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Neonomad.kz KTK телеарнасына сілтеме жасап.  

Қайғылы оқиға суицид деп жабулы күйінде қалды. Бірақ туыстары бұған еш сенбейді. Өйткені қыздың құрбылары, тіпті өмірінің соңғы сәттері қылмыстық істің барын меңзейді.

Шымкентте полицей кейуананы зорламақ болған күдіктімен селфи жасады. Тексеріс басталды

Қостанай облысында 12 жасар қыз жүкті: өгей әкесі қамауға алынды

Сандира Серікхан, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Чанчжоу қаласындағы Jiangsu University of Technology үшінші курсын тәмамдаған. Өз күшімен грантқа түскен ақылды қыз. Қытай тілін жарты жылдың ішінде меңгеріп алыпты. Білімін жетілдіремін деп Қытай асқан қыз 19 жасында жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Кейбір деректер бойынша, қайғылы оқиға үстіміздегі жылдың 26-шы сәуірінде болған. Ал Қытай полициясының ресми мәліметі бойынша, сабағын 5-ке оқып жүрген қыз өз еркімен 17-ші қабаттан секіріп кеткен.

«Сандира суицид жасады дегенге сенбейміз. Ол жазғы демалысқа үйге жиналып жатқан. Сол күннің алдында ғана видеомен сөйлестік. Бауырларына сатып алған сыйлықтарын көрсетіп, анасымен мәз-мейрам болған. Қызымызды әдейі өлтіріп отыр», – дейді марқұм қыздың нағашы әпкесі Әлнұр Ағаева.

Басылымның ақпаратынша, Сандираны Баян деген құрбысы клубқа баруға көндіреді. Онда Мадияр және Данияр деген достарымен таныстырған. Клубтан соң Данияр деген жігіт пәтерінде ұмытып қалдырған бір затын алу керек деп, қызды өзімен баруға көндірген. Сөйтіп жігітпен подъезге дейін жеткен қыз, табалдырықтан аттағысы келмеген. Қыздың әрі қарай жүргісі келмей тұрғаны подъездегі бейне бақылауға түскен. Видеода жігіт қызды жетектеп кіргізген дейді Әлнұр Ағаева, қайтыс болған қыздың әпкесі. Біраздан соң Сандира пәтерден жылап шығады. Әрі қарайғы жағдай таспадан тыс жерде жалғасқан.

Жігіттің айтуынша, қыздың 17-ші қабаттан қалай құлап кеткені есінде жоқ. Не үшін жылап жүргенін де түсіндіріп бере алмапты.

«Данияр Иманқұлов деген жігіт Шымкенттен. Қыз неге жылады деген сұраққа жауап бере алмады. Айтуынша, өзі де шокта болған», – деп толықтырды Сандираның нағашы әпкесі.

Білмейміннен басқаны айтпаған жігіт жоқ болып кетті. Қыздың әкесі оларды іздеп барғанымен, жолығудан бас тартқан, тіпті телефондарын сөндіріп тастаған. Осыдан соң туыстары зорлық-зомбылық жасалды ма деп күдіктенеді. Одан қалды, қыздың бір аяқ киімі терезенің тұсында қалып қойған.  Жақтаудан саусақ іздері табылмаған. Сол себепті де оны біреудің терезеден лақтырып жібергеніне сенімді. Бірақ мұны дәлелдеу мүмкін болмай тұр. Өйткені Қытай заңы бойынша, мәйітті 30 күн тексереді екен. Мұншама уақыт күте алмаған отбасы қыздың денесін сараптамасыз елге әкелуге мәжбүр болған. Ал іс «суицид» деп жабылып тынған. Еліміздің дипломаттары істі қайта қарауды сұрапты. Бірақ қорытындысы өзгермеген.

«Қытай тарапы бұл істі қайта қарап шықты. Оның нәтижесі бойынша жазатайым оқиға болып шықты», – деп түсіндірді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, осыған дейін біз Қытайда қайтыс болған қазақ қызы туралы жазған болатынбыз. Онда қыздың әпкесі: «Қолымызда тек қайтыс болғаны туралы куәлік бар, бізге сот-медициналық сараптаманың қорытындысын да, оқиға орнынан фото немесе бейне берген жоқ. Сол жігіттер мен қыздар бізді барлық әлеуметтік желілерде бұғаттап, байланысты үзді, Қазақстанға демалысқа қайтып келмеді», – деп айтқан болатын.

Тегтер: Қазақстан жаңалықтарықылмысҚытайдағы қазақ
Бөлісу15ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«Өлтіріп тастаймын. Маған салсаң, генерал-менералыңмен кел»: Түркістан облысында имам аяусыз таяқ жеді

Келесі жаңалық

Тоқаев: "Әр хатты өзім қараймын"

ҰқсасЖаңалықтар

Адамдарға бақытты болу үшін қанша ақша керегі белгілі болды
Өмір

Адамдарға бақытты болу үшін қанша ақша керегі белгілі болды

Қаңтар 22, 2021
4
Пойыздарда ауыз суға зиянды заттар қосатыны рас па?
Денсаулық

Пойыздарда ауыз суға зиянды заттар қосатыны рас па?

Қаңтар 22, 2021
5
Қазақстанға 40 градус аяз қайта оралады
Ауа райы

Қазақстанға 40 градус аяз қайта оралады

Қаңтар 22, 2021
2
Қазақ қызы «халал жезөкшеге» айналдыратын намазхан жігіттер туралы айтты (видео)
Қылмыс

Қазақ қызы «халал жезөкшеге» айналдыратын намазхан жігіттер туралы айтты (видео)

Қаңтар 22, 2021
90
Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)
Басты жаңалықтар

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)

Қаңтар 22, 2021
95
«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты
Шоу-бизнес

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
263
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
qaz.neonomad.kz

Тоқаев: "Әр хатты өзім қараймын"

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.3k
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.4k
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
942
TikTok-та жұлдыз болған шопанды полиция ұстап әкетті (видео)
Өмір

TikTok-та жұлдыз болған шопанды полиция ұстап әкетті (видео)

Қаңтар 10, 2021
561

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адамдарға бақытты болу үшін қанша ақша керегі белгілі болды

Қаңтар 22, 2021
4

Пойыздарда ауыз суға зиянды заттар қосатыны рас па?

Қаңтар 22, 2021
5

Шымкентте пара алудан медицина саласы көш бастап тұр

Қаңтар 22, 2021
0

Қазақстанға 40 градус аяз қайта оралады

Қаңтар 22, 2021
2

Қазақ қызы «халал жезөкшеге» айналдыратын намазхан жігіттер туралы айтты (видео)

Қаңтар 22, 2021
90

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)

Қаңтар 22, 2021
95
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.