ҰБТ тапсырған мектеп түлектерінен 90 мыңнан астам ұялы телефон мен 2 мыңға жуық шпаргалка тәркіленген, деп хабарлайды Neonomad.kz Ұлттық тестілеу орталығы директорының қызметін атқарушы Дидар Смагуловқа сілтеме жасап.
«Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында 90 375 ұялы телефон, 28 344 калькулятор және 1 867 шпаргалка тәркіленді», – деп жазды Дидар Смағұлов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.
«Құрметті ата-аналар, балаларды ҰБТ жүйесін алдауға емес, адал бәсеке және нағыз біліммен жарысуға тәрбиелейік», – деді ол.
Бұған дейін Блім және ғылым министрлігі, тестілеуге телефон немесе шпаргалкамен келген түлектер пункттен қуылмай, кіргізілгендігін айтқан болатын.