Жұма, Қаңтар 15, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Білім

«Ұялудың еш қажеті жоқ»: министр грантқа қалай түсе алмағанын айтты

Мамыр 25, 2020
Білім, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
«Ұялудың еш қажеті жоқ»: министр грантқа қалай түсе алмағанын айтты

Facebook парақшасынан

Поделиться на Facebook

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түлектерді ештеңеден қорықпауға шақырып, өзі де мектеп бітірген соң, бірден грантқа түсе алмағанын айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Министр мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады.

Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

«Барлығымыз үшін 25 мамыр ерекше жағдайда өтіп жатыр. Әлемдік пандемия біздің күнделікті өмірімізді түбегейлі өзгертті. Биылғы оқу жылы 4 миллионнан астам оқушы мен студенттің есінде қашықтан оқу форматына көшумен сақталады деп ойлаймын. Қысқа уақыт ішінде барлығыңыз жұмысты дұрыс ұйымдастыра білдіңіздер. Бұл мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың бірлескен әрекетінің нәтижесі деп білемін», – деді Аймағамбетов бейнеқұттықтауда.

Ол қашықтан оқыту форматы Қазақстанның білім саласында бұрын-соңды болмаған оқиға екенін атап өтті.

Аймағамбетов 2020 жылдың түлектеріне жеке тоқталды. Министр мектеп бітірушілерді ештеңеден қорықпай, мүмкіндіктерді пайдалана білуге шақырды.

«Алған беттен қайтпау өте маңызды екенін өз басым білемін. Нақты қадам жасап, ойыңыздағыны іске асыру керек. Мәселен, мен мектеп бітірген соң, бірден бір жылдың ішінде грантқа түсе алмадым. Одан ұялудың еш қажеті жоқ. Менің алдымда екі таңдау болды: біріншісі, ақылы түрде оқу, екіншісі бір жыл дайындалып, келесі ҰБТ-ны қайта тапсыру. Сол кезде бір жыл дайындалып, тесті қайта тапсырам деп шешім қабылдадым. Бір жыл уақытымды табанды дайындықпен жұмысқа арнап, нәтижесінде келесі жылы армандаған грантқа қол жеткіздім», – деді ол.

Министр ҰБТ түлектердің өміріндегі ең жеңіл емтиханның бірі болатынын айтты.

Сондай-ақ, ол түлектерді қателік жасаудан қорықпай, керісінше, одан сабақ алуға үндеді.

«Кішкентай кезімізден бізді қателік жасау дұрыс емес, кешірімсіз деп сендірген. Мектеп қабырғасынан бастап қателік жасамау біздің санамызға құйылып келді. Табысты адам ешқашан қателеспейді деген қате ұғым екенін айтқым келеді. Бәрі қателік жасайды, бастысы – одан сабақ алып, тәжірибе жинақтау. Қателік жасап, бәрін қайта бастаудан қорықпау қажет», – деп кеңес берді ведомство басшысы.

Айта кетсек, биыл коронавирус індетіне байланысты 1-10 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау онлайн режимде өтті.

Мектеп түлектері үшін аттестат табыстау және соңғы қоңырау мерекесі 3-4 маусымға жоспарланған. Оқу мекемелерінің әкімшілігі іс-шараны мектеп ауласында ұйымдастырады. Ұлттық бірыңғай тестілеу дәстүр бойынша маусымның соңы мен шілденің басында өтеді.

Бөлісу21ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Алматыда мас жүргізуші блокбекетке соғылып, екі полицей қаза тапты

Келесі жаңалық

"Дудар бас" бүлдіршін желідегілерді күлкіге қарық қылды

ҰқсасЖаңалықтар

Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды
Әлем

Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
1
«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»
Әлем

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

Қаңтар 15, 2021
3
Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)
Өмір

Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)

Қаңтар 15, 2021
9
Тоқаев зейнетақы жинағын алу кезінде салық төлеуді кейінге қалдыру туралы заңға қол қойды
Сайлау 2021

Тоқаев Пайыздық межені 7-ден 5%-ға төмендетуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
4
«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады
Қазақстан

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады

Қаңтар 15, 2021
147
80 дана жасалды. Депутаттар төсбелгісінің біреуінің бағасы – 303 968 теңге
Қазақстан

80 дана жасалды. Депутаттар төсбелгісінің біреуінің бағасы – 303 968 теңге

Қаңтар 14, 2021
11
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Дудар бас» бүлдіршін желідегілерді күлкіге қарық қылды

"Дудар бас" бүлдіршін желідегілерді күлкіге қарық қылды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
225
«Тірі қалғысы келсе». Федеров Қазақстанның неге Ресейге қосылуы керегін айтты
Саясат

«Тірі қалғысы келсе». Федеров Қазақстанның неге Ресейге қосылуы керегін айтты

Қаңтар 11, 2021
1.9k
«Енем тыныштық бермейді»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Say Mo ажырасқалы жатыр
Шоу-бизнес

«Енем тыныштық бермейді»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Say Mo ажырасқалы жатыр

Желтоқсан 27, 2020
3.6k
«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады
Қазақстан

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады

Қаңтар 15, 2021
147

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
1

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

Қаңтар 15, 2021
3

Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)

Қаңтар 15, 2021
9

Тоқаев Пайыздық межені 7-ден 5%-ға төмендетуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
4

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады

Қаңтар 15, 2021
147

80 дана жасалды. Депутаттар төсбелгісінің біреуінің бағасы – 303 968 теңге

Қаңтар 14, 2021
11
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.