Украиналық 19 жастағы бойжеткен өзінің қыздығын 1,2 млн еуроға сатты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Ол дәл қазір АҚШ елінде тұрады. Өзінің пәктігін сатқаны туралы интернеттегі аукцион сайтында жария еткен. Алғашында ол пәктігін 100 мың еуроға бағалап, артынша аукционда бұл сома 1,2 млн еуроға өскен.
Бұл соманы 58 жастағы неміс кәсіпкер ұсынған. Сондай-ақ, бұл пәктік үшін Нью-Йорк қаласында жұмыс істейтін адвокат пен токиолық әнші таласқан.
Артынша украиналық ару мен неміс кәсіпкердің кездесуі Германияда өткен. Жеңімпаз бойжеткенге үйленгісі келетіндігін білдіріп, сонымен қатар егер отбасы құрған жағдайда айына 10 мың евро төлеп тұрамын деп уәде берді.