Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты. Ол ақша жымқырды деген күдікпен 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап.
Шымкент ҚАЖД мәліметінше, сот шешімімен Қуандық Бишімбаев 11 қазан күні бостандыққа шыққан.
Бұдан өзге Telegram желісіндегі «Мудрый Бажа» арнасында Қуандық Бишімбаевтың бостандыққа шыққаннан кейінгі суреті жарияланды.
Естеріңізге сала кетсек, экс-министр 2018 жылдың наурыз айында ақша жымқырды деп айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол жазасын Леңгірдегі қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтеп жатқан еді. Оның қорғаушысы жазасын жұмсартуды сұрағанымен, сот оны қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстырудан бас тартқан-ды.