Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қазақ тілде сұқбат беруге дайын еместігін түсіндірді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ресми тілінде баяндама жасаған Аружан Саин қазақ тілді журналистердің сынына қалды. Мемлекеттік тілде ақпарат беру керектігін ескерткен журналистер сол сәтте уәкілден жауап алды.
«Менің қазақ тілім әлі онша жақсы емес. Специфика жағынан… терминдерді пайдаланғанда маған қиын. Сіздермен жай сөйлесе аламын. Бірақ біздің мәселелеріміз туралы әлі айта алмаймын. Әрине, күн сайын қазақ тіліндегі мәтіндерді оқып, жаттап, сөйлеуге тырысамын. Бірақ кешіріңіз…болашақта. Біріншіден, уақыт керек оған. Қазір уақыт жоқ», – деді Саин.