Жаңа туған нәресте анасының сүтінен шетінеп кетті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға өткен жылы Англияның Тинмут қаласында орын алды. Сот процесінде белгілі болғандай, әйел жүктілік кезінде дәрігерлердің нұсқауымен бел ауруын бәсеңдету үшін «Трамадол» дәрі-дәрмегін қабылдаған. Баланы дүниеге әкелген соң дәрінің зияны тиер деп, нәрестесін емізуді тоқтатпақ болған. Алайда дәрігерлер препаратты ішуге ешқандай қарсы көрсетілімі жоқ деп сендірген.
19 тамызда өткен сот отырысында былтыр 30 қыркүйекте туғанына 5 күн ғана болған нәресте анасы қабылдап жүрген анальгетиктің кесірінен шетінеп кеткен болуы мүмкін деген қорытынды шығарылды.
Педиатр Питер Флеминг (Peter Fleming) аталмыш істің материалдарын қарап шығып, «Трамадол» дәрі-дәрмегінің – жаңадан шыққан препарат екенін, сондай-ақ ол емізетін әйелдің сүтіне түсетінін және жаңа туған нәрестеге қауіп төндіретінін атап өтті.
«Баланың өліміне «Трамадол» себепші болды деп есептеймін. Жүктілік кезінде бұл дәріні қабылдамаған дұрыс», – деді профессор Флеминг.
Іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.