Мексика мен АҚШ-тың шекарасына таразыға ұқсайтын әткеншектер салынды. Видеодан бұл әткеншектерде екі мемлекеттің балалары қалай қуана ойнап жүргенін көруге болады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Идея Калифорния университетінің профессоры Рональду Раэль мен Сан-Хосе штатындағы Сан-Фрателло университетінің доцентіне тиесілі.
«Біз екі тараптың отбасылары бір-бірімен бейбіт түрде араласқанын қалаймыз. Бұл Америка мен Мексика қарым-қатынасының жақсаруына мұрындық болатын дүние іспеттес болмақ», – деді Рональд Раэль.
Мұның алдында Дональд Трамп заңсыз көші-қон болмауы үшін Жоғары соттан кереге орнатуға рұқсат алған болатын.
160 километрге созылатын кереге орнату үшін Қорғаныс министрлігі 2,5 миллиард доллар бөлген болатын.