Енді ғана тойын өткізген жас жұп ажырасып үлгерд. Күйеуге қыз тарапынан келген киімдердің сапасы ұнамаған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттік Yoshlar телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға Өзбекстанда орын алды.
Осы елдің Навои облысында отбасы және неке мәселелері, сондай-ақ жастардың жиі ажырасуына не себеп екендігі туралы репортаж телеарнадан көрсетілген.
Кейіпкерлердің бірі өз хикаясымен бөліскен. Белгілі болғандай, бір жігіт өзінің тойы болған күнінің ертеңінде неге ажырасып кеткенін телеарна тілшісіне айтып берген.
Zakon.kz сайтының ақпаратынша, Өзбектердің дәстүрі бойынша, қыздың әке-шешесі күйеу баласына киім сыйласа, ұлдың әке-шешесі жас келінге ыдыс-аяқ, кілем, тұрмыстық техника сыйлайды екен.
«Қыздың ата-анасының маған берген киімі ұнамады. Түріктікін әкелетін шығар деп ойладым. Өйткені оған олардың шамасы келеді. Әке-шешесі де, ағалары да жақсы жерде жұмыс істейді. Ал олар болса, көп керек етпейтін, қолдан қолға өтіп жүретін «трәпкілерді» әкеліп тықпалаған. Осы дұрыс па? Өзім достарыма, таныс құрбыларыма айттым, ертең күйеуге тиесіңдер, қазірден дайындала беріңдер. Берсеңдер киімді дұрысынан беріңдер деп айтып жатырмын», – дейді ажырасқан жігіт.