Қасым-Жомарт Тоқаев пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтатуды тапсырды, деп хабарлайды Neonomad.kz президенттің Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
«Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр», – деп жазды мемлекет басшысы.
Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр.https://t.co/sPci4r2ldp
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) July 24, 2019