Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне арналған концертті тамашалап, домбыра сабақтарын мектептерге енгізу керек деген пікір білдірді, деп хабарлайды Neonomad.kz Тоқаевтың Twitter.com желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
«Бүгін «Қазақ елі» алаңына барып, Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік шараға қатыстым. Бұл мейрам – барша халқымыздың ұлт руханиятына деген зор құрметі»,-деп жазды президент.
«Күллі әлем мойындаған мәдени құндылығымыз – домбыра күні құтты болсын!», деп жазған Тоқаев мектептерде домбыра үйрену сабақтарын енгізуді ұсынды. Оның пікірінше, ұлттық құндылықтарымызды жастарымыздың санасына сіңіріп, насихаттау өте маңызды.
Біз қазақтың дәстүрлі әнін, күйін әлем жұртшылығына танытып жүрген өнерпаздарымызға қолдау көрсетеміз. Олар – халқымыздың ұлттық болмысын сақтау үшін еңбек етіп жүрген өнер тарландары. pic.twitter.com/NSEFF094Z8
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 7 июля 2019 г.