«Тобыл» ФК бұрынғы ойыншысы көз жұмды. 26 жастағы спортсменнің жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 31 тамызда болған. Қазақстан жастар құрамасы мен «Тобыл» ФК бұрынғы футболшысының сөз жұмғаны туралы қостанайлық клубтың ресми сайты жариялады.
«Николай Жуков «Тобыл» сапында бірнеше маусым өткізді. Қазақстан жасөспірімдер құрамасында болды. «Тобыл» футбол клубы Николайдың туған туыстары, жақындары мен достарына көңіл айтады», – делінген хабарламада.
Осыдан үш жыл бұрын «Тобыл» ойыншысына қан обыры диагнозы қойылған.