АҚШ-та жаңа алма сұрпы сатыла басталды. Оны тоңазытқышта бір жылға дейін сақтауға болады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі BBC сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, жаңа алманы сұрыптап шығаруға 20 жыл кеткен.
Cosmic Crisp деп аталатын алманы Вашингтон штатының университеті ғалымдары Honeycrisp және Enterprise гибрид сорттарынан алғаш рет 1997 жылы шығарған. Вашингтон штатының фермерлері бұл сұрыпты алдағы 10 жыл тек қана өздері өсіруге эксклюзив құқық алған.
«Бұл қатты әрі нәрлі қышқыл-тәтті дәмі бар алма», – дейді университеттің осы сортты селекциялау бағдарламасын басқарған Кейт Эванс, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазір штатта алманың 12 млн түп ағашы отырғызылды.
Алайда лицензия жүйесінің қатаң талабы оны Вашингтон штатынан басқа жерде өсіруге рұқсат бермей.