Сейсенбі, Қаңтар 19, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

«Тоқаевтың проектісі»: Бекболат Тілеуханның келіні құрып жатқан партиясы туралы айтты

Қараша 1, 2019
Саясат, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Парламент
qaz.neonomad.kz

Сурет Zakon.kz сайтынан алынды

Поделиться на Facebook

Мәжлісмен Бекболат Тілеуханның келіні Тоғжан Қожалиева жаңа «ХАҚ» партиясын құрып жатқаны туралы белгілі болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттықа агенттігі qazweek.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тоғжан Қожалиеваның жаңа партисы туралы әлеуметтіе желіде әңгіме көбейді. Соның мән-жайын білу мақсатында басылымның тілшісі Бекболат Тілеуханның келінен сұқбат алған. Біз сол сұқбатты өзгертпей беруге тырыстық.

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Nur Otan сайлауалды штабының презентациясы өтті

21 уәденің үшеуін ғана орындады: Билікке өзгертемін деп келген Зеленскийдің өзі өзгеріп кетті ме?

– Сізді «ХАҚ» партиясын құрғалы жатыр деген әңгіме әлемжеліде желдей есіп жүр. Қаншалықты рас?

Ол рас, біз «ХАҚ» партиясын құрғалы жатырмыз. Қазір соған дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ, біз оны әлі партия деп жарияламаймыз. Біздегі саясаткерлердің көбі қателік жібереді. Партия құрамыз деп жұртты жинап, пресс-конференция өткізеді. Бірақ, құрамыз деген сөзден басқа ештеңе жоқ. Не бағдарламасы жоқ, не жарғысы жоқ, не алдына қоятын мақсаттары мен жоспарлары жоқ. Сол қателікті қайталамас үшін біз қазір партияның бағдарламасы мен Жарғысын жасап жатырмыз. Біз партиямыз халыққа танымал болу үшін алдымен іспен дәлелдемекшіміз. Партияның ісі ел аузына іліге бастағанда партия құруға болады

Партияларыңыздың мақсаты қандай болмақ? Мысалы, Мэлс Елеусізовтікі жасылдар партиясы. Жамбыл Ахметбеков коммунистердің қамын күйттейді. Ал сіздердің бағыттарыңыз қандай?

Мен неге партия құрамын деп шештім? Мен де жаздағы президент сайлауында бақылаушы болғанмын. Сонда байқағаным, халық Тоқаевқа оппозиция болған Қосановқа дауыс берді. Бірақ, менің түйгенім, ол жерде ол Қосанов бола ма, Иванов бола ма, жоқ Мырқымбаев бола ма халық жүйеге қарсы дауыс берді. Біздің партияның мақсаты – жүйені қалпына келтіру. Қазақстанның әрбір азаматының жағдайы жақсаруы үшін жүйені қалпына келтіруіміз қажет

Билікке оппозиция болмайсыздар?

Біз олай бөлінбейміз. Жақсы болсын, жаман болсын биліктегілер өз қазағымыз. Сол сияқты билікке қарсы ДВК да өз қазағымыз. Біздің ең басты мақсатымыз конструктивті реформалар жүргізу. Біз билік пен халықтың ортасына көпірміз.

Бірақ, қазіргі халықтың әлеуметтік жағдайы мен көңіл-күйін көріп отырсыз. Сіздер билік пен халықтың ортасына көпір боламыз дегендеріңізде халық қолдамай қоймайды ма?

Егер, қай партия болсын іспен дәлелдесе, сол партияны халық қолдайды. Сондықтан, біз партияны жарияламай тұрып ісімізбен дәлелдейміз.

«ХАҚ» партиясы діни партия болмай ма?

Біз «Азаматтық бастамалар коалициясы» деген коалиция құрғанбыз. Соған сай біздің декларациямыз бар. Біз қайырымдылық қорын аштық. Саяси тұтқындарға көмектесіп жатырмыз. Адвокаттармен, сәлем-сауқаттармен. Осы қайырымдылық қоры арқылы партия құрылмай жатып-ақ іске кірісіп кеттік. Біздің жасымыз әртүрлі, нәсіліміз әртүрлі. Бірақ, мақсатымыз біреу. Қазақстанды шынайы жаңарту.

Партияның девизі қандай?

Халыққа Адал Қызмет. ХАҚ!

Кез-келген партияның мақсаты билікке бару, Парламентке бару. Егер партияңыз билікке барып жатса, тіпті партияның лидері президент болып жатса Қазақстанда дінге модернизация жасайсыздар ма?

Мақсатымыз – билікке бару. Бірақ, біз Парламенттен емес, жергілікті басқару, мәслихаттан бастаймыз. Ал, дінге модернизацияға келсек, жоқ, біз осы қалыпты сақтаймыз. Зайырлы мемлекет боламыз. Біздің партиямызда әртүрлі ұлт өкілдері мен әртүрлі дін өкілдері бар.

Сіздің өз көзқарасыңыз бойынша халқының 60 пайыздан астамы мұсылман Қазақстанда діни партияның тіркелгені дұрыс па?

Егер халық қаласа діни партия құруға болады. Халық қалаған жағдайда ғана. Конституцияға өзгерту енгізіп. Бірақ, менің өз ойым, Қазақстанның зайырлы мемлекет болғаны дұрыс!

Партияларыңызда халық танитын тұлғалардан кімдер бар?

Біз әзірге жоспардың барлығын жасап жатырмыз. Қарашаның аяғында айтатын боламыз. Халыққа танымал адамдар бар.

Партия қаржыны қайдан алады? Кім қаржыландырады?

Кәсіпкерлер. Кәсіпкер болғанда менің кәсібім бар, күйеуімнің кәсібі бар.

Қазақстанда партия құру өте қауіпті. Партия құрамын деген Ринат Зайытовты қамап тастады. Ертең осы партияңыз арқылы өзіңіздің, күйеуіңіздің бизнесіне зияны тиеді деп қорықпайсыз ба?

Зияны әлден тие бастады. Қысымдар жасай бастады. Сәлем айтып та жатыр.

Бір жазбаңызда қазақылығымды таптым депсіз. Қазақша енді үйреніп жүрсіз бе?

Мен мектепті де, ЖОО-ны да қазақша бітірдім. Мәскеуде он бір жыл жұмыс істедім. Сол 11 жыл маған әсерін тигізді. Қазір қайтадан қазақшам қалпына келді.

Қытай экспансиясына қарсы болып жатқан митингілерге көзқарасыңыз?

Басты мәселе қытайларда емес. Инвестор керек. Ең басты мәселе өзіміздің коррупционерлерде. Ақшаны беретін кім, өзіміздікі. Қытайларды кіргізетін кім, өзіміздікілер. Қытайдан жұмысшы әкелетін агенттіктер пара алмаса, онда көп қытай кірмейді. Мысалы, менің білетінім бір ҚХР азаматын заңсыз кіргізгені үшін агеттіктер мың жарым доллар пара алады. Мен бір қытайлық фирмадан сұрағанмын. «Сендер неге сақтандыру үшін ақша сұрап жатырсыңдар» деп. Сол кезде маған: «Біздің черный кассамыз болмаса болмайды. Сендердің экология тексерушілері, охрана труда келеді. Соларға ақша береміз, олар үндемей кетіп қалады» деген.

Қытайдан 55 зауыт кіреді деп жатыр. Сіз мұнай-газ саласында көп еңбек еттіңіз. Сол зауыттардың кіргені тиімді ме?

Қытай жаңа технология, жаңа құрал-жабдықтармен келіп, өндірген өнімінің 50 пайызын Қазақстанға қалдырса, жергілікті жұмысшыларды көптеп алса тиімді. Ал, олар зауытын да, жұмысшыларын да өздері алып келіп, өнімдерін Қытайға қоя береді. Біздің жерімізді тек зауыт тұратын жер үшін ғана пайдаланады. Мысалы, Маңғыстау мұнай-газдың 50 пайыз жұмысшысы қытайлықтар, 50 пайызы қазақтар. Ал енді еуропалық батыстық «Шеврон», «ТШО», Қарашығанақ» оларда 90 пайыз жұмысшы қазақ. 10 пайыз жұмысшы еуропалық. Басшылардың 70 пайызы қазақ. 30 пайызы еуропалық. Басшылықты да болашақта 90/10 пайызға келтіру керек. Барлық зауыттарды осылардай 90/10 пайызға келтірсін. Оқытсын біздің жұмысшыларды. Бұны «кадрларды ұлттандыру» дейді.

Сіз – әйел адамсыз. Қазақстанда әйелдер құқығы қаншалықты қорғалуда?

Мен мұнай-газ саласында істегенде әйелдер клубын басқардым. Сонда тексеру жүргізгенде сол саладағы әкімшіліктің 60 пайызы әйелдер екен. Біз тәуелсіздік алғалы 30 жыл. Оның алдында 70 жыл КСРО құрамында болдық. Осы жүз жыл ішінде осы саладан бір әйел не медаль, не орден алмапты. Бірақ, осы мұнай-газ саласының 60 пайызы әйелдер. Мен кезінде Абу-Дабиге бардым. Энергетика саласында істейтін әйелдердің форумына. Басында ойладым. Қазақстан әйелдеріне бәріне рұқсат бар, ешқандай шектеу жоқ деп ойлағам. Ал ол жақта Ливан, Ливия, Кувейт, Катардан келген әйелдердің құқығы жоқ, басып тастаған деп ойлаймыз ғой. Қарасақ, Кувейтте мұнай-газ саласын басқаратын әйел адам екен. Көптеген бұрғылау-операциялық жұмыстарды басқаратын әйелдер екен. Ал, бізде операционкада, өндірісте бір әйел жоқ. Араб елдерінде бұл жағынан әйелдер көп. Сонда мен ойлағанмын, арабтар емес, біздің әйелдер көп басылыпты. Біздің елде әйелдер құқығы бар. Бірақ, соны білмейді, пайдаланбайды.

Сұқбаттасқан Оңғар Қабден.

Тегтер: Қазақстан жаңалықтарыПартияСаясат
Бөлісу23ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

"Екеуі де әлсіреген": Қордайда әкесінің қарауында қалған екі бала аштықтан өлуге келген

Келесі жаңалық

Жиында отырып жезөкшелермен хат алысқан депутаттың басы дауға қалды (видео)

ҰқсасЖаңалықтар

Сарымсақ суы SARS-Cov-2 антиденелерінің пайда болуына әсер етпейді
Денсаулық

Сарымсақ суы SARS-Cov-2 антиденелерінің пайда болуына әсер етпейді

Қаңтар 18, 2021
4
Анна Данченко: Ауылдың қызы болсам қайтейін. Мен дұрыс өмір сүретінім үшін мақтанамын.
Шоу-бизнес

Анна Данченко: Ауылдың қызы болсам қайтейін. Мен дұрыс өмір сүретінім үшін мақтанамын.

Қаңтар 18, 2021
13
Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді
Денсаулық

Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді

Қаңтар 18, 2021
38
4 жасар қызының көзінше. Павлодарда экс-әйелін бетіне оқ атып өлтірген ер адам қамауға алынды
Қылмыс

4 жасар қызының көзінше. Павлодарда экс-әйелін бетіне оқ атып өлтірген ер адам қамауға алынды

Қаңтар 18, 2021
183
Спортшы Қуат Хамитов 3 жылға сотталуы мүмкін
Бокс және ММА

Спортшы Қуат Хамитов 3 жылға сотталуы мүмкін

Қаңтар 18, 2021
139
«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты
Өмір

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Қаңтар 17, 2021
372
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Жиында отырып жезөкшелермен хат алысқан депутаттың басы дауға қалды (видео)

Жиында отырып жезөкшелермен хат алысқан депутаттың басы дауға қалды (видео)

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қаңтар 17, 2021
4.1k
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
1.2k
«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты
Шоу-бизнес

«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты

Қаңтар 17, 2021
996
«Енем тыныштық бермейді»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Say Mo ажырасқалы жатыр
Шоу-бизнес

«Енем тыныштық бермейді»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Say Mo ажырасқалы жатыр

Желтоқсан 27, 2020
4.1k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарымсақ суы SARS-Cov-2 антиденелерінің пайда болуына әсер етпейді

Қаңтар 18, 2021
4

Анна Данченко: Ауылдың қызы болсам қайтейін. Мен дұрыс өмір сүретінім үшін мақтанамын.

Қаңтар 18, 2021
13

Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді

Қаңтар 18, 2021
38

4 жасар қызының көзінше. Павлодарда экс-әйелін бетіне оқ атып өлтірген ер адам қамауға алынды

Қаңтар 18, 2021
183

Спортшы Қуат Хамитов 3 жылға сотталуы мүмкін

Қаңтар 18, 2021
139

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Қаңтар 17, 2021
372
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.