Бейсенбі, Наурыз 4, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Тоқаев Пайыздық межені 7-ден 5%-ға төмендетуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
Сайлау 2021, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Парламент, Саясат
Тоқаев зейнетақы жинағын алу кезінде салық төлеуді кейінге қалдыру туралы заңға қол қойды

Сурет: Stan.kz

Поделиться на Facebook

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтар күні парламенттің бірлескен отырысында «саяси партиялардың мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендету керек» екенін атап өтті.

Ол 10 қаңтар күнгі мәжіліс және мәслихат сайлауының карантин шектеулеріне қарамастан «тартысты» өткенін атап өтіп, «өткен сайлау саяси бәсекені арттыруға оң ықпал етті» деп мәлімдеді. «Адал» мен «Ауылдың» парламентке өтуіне «аз ғана дауыс жетпей қалғанын» айтқан Тоқаев сондай партиялар парламентке келсе, парламенттегі талқылауларды қыздыруға сүбелі үлес қосар еді деп бір тоқтады.

Президент: Сайлаудан кейін Парламентте әртүрлі партия болады деп ойлаймын

Үкімет отставкаға кетуі тиіс — Тоқаев

Тоқаев сонымен бірге сайлау бюллетендерінде «бәріне қарсымын» деген жазу (графа) болуы қажеттігін алға тартты.

«Бұл бастама азаматтардың сайлау құқығын қорғауға жағдай жасайды, таңдауы жоқтығын ресми көрсетудің өзі таңдау емес пе?» деді Тоқаев.

Билік жексенбі күні өткен сайлауда «өрескел заңсыздықтар тіркелмеді» десе, көптеген тәуелсіз ұйымдар бақылаушыларды учаскеге кіргізбеу, сайлау учаскесінде жүруіне тыйым салу, дауыс санау ережелерін бұзу сияқты көптеген заңбұзушылықтар болғанын хабарлаған. Сайлау күні кейбір учаскелер Азаттық тілшілерінен негізсіз ПТР-тест талап етіп, учаскелерге кіргізбеді. ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлау халықаралық стандарттарға сай өтпеді, шынайы бәсеке болмады деп мәлімдеген.

Қазіргі заңнама бойынша саяси партиялар парламентке өтуі үшін кемінде 7 пайыз дауыс жинауы тиіс. Осыған дейін кейбір белсенділер бұл межені 3 пайызға түсіруді ұсынған. Дегенмен кей сарапшылар терең саяси реформа жүргізбей, «косметикалық сылап-сипаулардан» пайда жоқ деп есептейді.

2020 жылы Қазақстанда саяси партиялар туралы заңға өзгертулер енгізілді. Егер бұрын саяси партия тіркету үшін кемінде 40 мың адамның қолы қажет болса, жаңа өзгертулерге сай енді 20 мың адамның қолы жеткілікті. Сонымен бірге партиялардың сайлау тізімінде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота енгізілді. Билік бұл өзгертулерді «демократиялық реформа» деп сипаттады. Ал оппозиция мен тәуелсіз құқық қорғаушылар бұл өзгертулерді заңның шектеуші қызметін сол күйі қалдырған «сырттай сылап-сипау ғана» деп сынады.

Жұма күні парламенттің бірлескен отырысы онлайн көрсетілмеді. Отырысты ақпарат құралдары басқа бөлмедегі шағын монитордан бақылады. Президент күзеті қызметкерлері Азаттық тілшісіне журналистер отырған залдан да видео түсіруге тыйым салып, ескерту жасады.

Тегтер: Қасым Жомарт Тоқаев
БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады

Келесі жаңалық

Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)

ҰқсасЖаңалықтар

Туған жеріне симаған  Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды
Басты жаңалықтар

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
156
Курьер он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды (видео)
Әлем

Курьер он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды (видео)

Наурыз 3, 2021
11
Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
544
20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін
Денсаулық

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
56
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
478
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды
Басты жаңалықтар

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
276
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)

Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
478
Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
544
Туған жеріне симаған  Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды
Басты жаңалықтар

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
156
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
6.3k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
156

Курьер он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды (видео)

Наурыз 3, 2021
11

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
544

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
56

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
478

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
276
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.