13 жастағы қыз ағасының өзін жүкті қылғанын айтты. Ал әкесі ұлының мұндай әрекетке барғанына сенбейтінін бөлісті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.
Бейсенбай Әбдірахманов 22 жастағы асырап алған ұлы мұндай әрекетке баруы мүмкін емес деген пікірде. Айтуынша, өгей ұлы шылым шекпейді, ішімдік ішпейді. Ал әйелі керісінше бұл жағдайда бауырына басқан жас жігітті кінәлайды.
«Қыздан сұрағанымда «Иә, сол» деді. Басқа ештеңке айтпады. Маған ешнәрсе ашып айтпады. Сұрауға да дәтім бармады. Қалай сұрарымды да білмедім. Оңашада сұрауға аузым бармады. Ал ұлым шырылдап, кінәлі емеспін деп айтып отыр», – дейді қиналған әке.
Туыстары Мейіржан жетім болғандықтан, өгей шешесінің бар кінәні соған жауып отырғанын айтты. Барлығына үйдегі келіндерін кінәлауда.
«Былай сырт көзге бала жақсы, пысық. Ешкімнің көңілін қалдырмайды. Неге мұндай қылық жасағынын білмеймін. Бірақ жаным ашиды бір жағынан. Бірақ қызымның жағдайын көргеннен кейін баланы жек көріп кеттім», – дейді жүкті қыздың шешесі.