Тоқаев жаңа жылдан бастап студенттердің шәкіртақысын 25 процентке өсіруді бұйырды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап студенттердің, магистранттардың және докторанттардың шәкіртақысы 25% -ға артады. Жалпы шамамен 130 мың адамның стипендиясы көтеріледі», – деді ол.
Мемлекет басшысы колледж студенттерінде естен шығармады.
«Естеріңізде болса, биыл қыркүйек айынан бастап жұмысшы мамандықтағы 122 мың студенттің стипендиясы 30 процентке ұлғайтылған. Енді, менің тапсырмам бойынша, үкімет 2020 жылдың қаңтар айынан бастап орта арнаулы білім беретін колледж студенттері стипендиясының да көлемін 25 процентке өсіреді», – деді Тоқаев.
Бұл дегеніміз, тағы 100 мың жастың шәкіртақысы өседі.
«Бұл шаралар біздің студенттерге жақсы қолдау болады деп сенемін», – деп сөзін түйіндеді Президент.