Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызмет барысында қаза болған Д.С.Базарбаевты ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
«Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті Қостанай ауданы полиция бөлімінің полицейі марқұм Дархан Серікұлы Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталсын», – деп мәлімдеді Тоқаев.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін полицейдің отбасын қорғаймын деп көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.