Сәрсенбі, Қаңтар 27, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Өмір

Тоқаев: Қордайдағы қақтығыстың артында «криминалды топтар тұр»

Наурыз 2, 2020
Өмір, Қазақстан, Қоғам
Тоқаев: Қордайдағы қақтығыстың артында «криминалды топтар тұр»
Поделиться на Facebook

Нұрқаділовтің қарындасының қызы: Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да

Жоқ туысына дейін жалақы төлеген директор 14 млн айыппұл арқалады

1 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына, өткен айда қазақтар мен дүнгендер арасында жанжал болған Қордай ауданына барды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Қаракемердегі жиында Тоқаев Қордайдағы ұлтаралық жандал «қазақстандықтарды дүр сілкіндіріп, әлемді елең еткізді», «бұл оқиға мемлекетке, елге нұқсан келтірді» деді. Оның сөзінше, ел-жұрт Қордайдағы жағдай қайталанбас үшін осы оқиғадан сабақ алуы тиіс.

«Абыройымызға зияны тиді. Ең алдымен, келешекте мұндай қасіретті болдырмау үшін тиісті шара қолдануымыз қажет» деді ол ауыл тұрғындарымен кездесуде.

Тоқаев Қордайда заңсыз контрабандамен айналысқан екі қылмыстық топтың арасындағы текетірестен жанжал шыққанын, соның салдарынан 11 адам қаза болғанын айтып, жергілікті билікке пара алу мен шекара арқылы заңсыз сауда жасау мәселелерін шешуді тапсырды.

«Ауданда бір топ адам белсенді түрде контрабандамен айналысып жүрген. Бұл – белгілі нәрсе. Осы іске басқа топ та қатысқысы келген. Бір сөзбен айтсақ, заңсыз табыс көзі үшін екі қылмыстық топтың арасында текетірес пайда болған. Бұл текетірес салдарынан көп адам зардап шекті. 11 адам қаза тапты. Оны ашық айту керек. Енді құқық қорғау органдарының алдында тұрған мақсат – барлық қылмыскерді ұлтына қарамай, заңға сәйкес жазаға тарту. Онсыз елімізде тәртіп болмайды» деді ол.

Тоқаев қаракемерліктермен кездесуде «жанжалдасқан екі контрабандалық топты» нақты атамады, «заңсыз табыс көзі» жайлы ашып айтпады.

Қазақстан президенті Жамбыл облысының бұрынғы басшылығын сынап, «жергілікті басшылық, құқық қорғау органдарының басшылары қақтығыс болған жерде еш даму болмайтынын түсінбегендіктен жұмыстан кеткенін» айтты. Оның сөзінше, Жамбыл облысына әкім болып тағайындалған Бердібек Сапарбаевтың мақсаты – «тұрақсыздыққа түрткі болатын жағдайларды түбегейлі жою».

Ақорда сайты Тоқаевтың этникалық дүнгендер тұратын Сортөбе ауылының тұрғындарымен де жолыққанын хабарлады. Сортөбеліктермен кездесуде ол «Қордайдағы қайғылы оқиға артта қалуы тиіс. Алда бірге өмір сүреміз. Оқиғадан сабақ алуымыз керек. Бұрын мұндай болмаған. Бұл бір жағынан биліктің де қателігі. Сондықтан мен сол күні-ақ басшыларды, құқық қорғау органының басшыларын ауыстырдым» деді.

Тоқаев сортөбеліктермен жиында этникалық дүнгендерді балаларына қазақ тілін үйретуге шақырды.

«Балаларыңыз орыс және өзінің дүнген тілін де білуі керек. Мәдениеттеріңіз бен дәстүрлеріңізді сақтау үшін мемлекет бар қолдауды көрсетеді. Сіздердің мемлекеттік тілді білгендеріңіз де маңызды. Әсіресе, ауылда тұратындар білгені жөн» деді ол.

7 ақпан кешке Жамбыл облысы Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер жанжалдасып, ресми дерек бойынша, 10 адам қаза тауып, 180-нен аса адам зардап шеккен. Кейін жанжал болған Масанчи ауылында қираған ғимараттан тағы бір адамның мүрдесі табылды.

Қордайдағы жанжал кезінде Қырғызстанмен шекараға жақын орналасқан, негізінен этникалық дүнгендер тұратын Масанчи, Сортөбе, Ауқатты ауылдарында, ресми мәлімет бойынша, 20 сауда орны мен 39 үй бүлініп, 47 көлік өртенді. Үкімет қақтығыста қираған үйлер мен сауда орындарын қалпына келтіруге көмектесетінін мәлімдеген.

Жанжал салдарынан 23 мыңнан астам адам көрші Қырғызстанға қашқан. Кейін үкімет Қырғызстанға кеткендер үйіне оралғанын хабарлады.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Мамин: Коронавирус табылған елдердің азаматтары Қазақстанда жұмысқа алынбасын

Келесі жаңалық

Алматы облысында үйлері өртеніп кеткен отбасыға кәсіпкерлер пәтер сыйлады

ҰқсасЖаңалықтар

Нұрқаділовтің қарындасының қызы: Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да
Өмір

Нұрқаділовтің қарындасының қызы: Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да

Қаңтар 27, 2021
1
Жоқ туысына дейін жалақы төлеген директор 14 млн айыппұл арқалады
Қылмыс

Жоқ туысына дейін жалақы төлеген директор 14 млн айыппұл арқалады

Қаңтар 27, 2021
44
Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды
Өмір

Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды

Қаңтар 27, 2021
10
«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)
Қазақстан

«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)

Қаңтар 27, 2021
18
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Қазақстандағы зейнетақы

Қазақстанда зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсынылды

Қаңтар 27, 2021
9
Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес
Бокс және ММА

Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес

Қаңтар 27, 2021
70
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Алматы облысында үйлері өртеніп кеткен отбасыға кәсіпкерлер пәтер сыйлады

Алматы облысында үйлері өртеніп кеткен отбасыға кәсіпкерлер пәтер сыйлады

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
2.4k
«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді
Өмір

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
677
Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді
Өмір

Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді

Қаңтар 26, 2021
534
«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды
Басты жаңалықтар

«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды

Тамыз 26, 2019
5k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрқаділовтің қарындасының қызы: Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да

Қаңтар 27, 2021
1

Жоқ туысына дейін жалақы төлеген директор 14 млн айыппұл арқалады

Қаңтар 27, 2021
44

Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды

Қаңтар 27, 2021
10

«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)

Қаңтар 27, 2021
18

Қазақстанда зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсынылды

Қаңтар 27, 2021
9

Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес

Қаңтар 27, 2021
70
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.