Тоқаев Euronews арнасының журналисі Галина Поклонскаяға берген сұқбатында Қазақстанда орын алған жаппай наразылықтардың себебі туралы айтып берді, деп хабарлайды Neonomad.kz.
«Демонстранттар туралы айтар болсақ, олар наразылық білдіріп көшеге шыққандары рас. Қазір олардың талаптары бойынша талдау жүргізілуде. Қазақстандықтардың материалдық жағдайы төмен. Міне осы басты себеп болып тұр. Бұл мәселелердің бар екенін жоққа шығармаймын. Олар үкіметтен әлеуметтік және экономикалық проблемаларын шешіп беруді сұрайды. Халықтың жанайқайын билік есітті. Енді жұмыс істейміз. Демонстранттардың арасында қоғам қауіпсіздігіне зиян келтіргісі келмеген адамдар бар, біз оларды тез арада босатамыз. Әрине, олардан кешірім сұраймыз. Бұл проблема шешіледі», – деді Тоқаев Euronews сайтына берген сұқбатында.
— Ал сайлау әділ өткен жоқ дейтіндердің тағдыры не болмақ?
— Әрине оларды босатамыз. Өйткені олардың пікірі солай болып тұр. Мен, мәселен, сайлау әділ өтті деп ойлаймын.
— Бірақ көшеде наразылық шеруін өткізуге рұқсат берілмейді ма?
— Заңсыз шерулерге рұқсат жоқ. Бас прокуратура санкцияланбаған митингтің заңға қайшы екенін айтып, талай рет ескертті. Заңсыз митингтер, тәртіпсіздіктер – мұндай акцияларға қатысқысы келмейтін адамдарға да кедергі болады.
Бас прокуратураның хабарлауынша, 957 адам санкцияланбаған митингтерге қатысқаны үшін тұтқынға алынған. Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кінәсіз адамдар мен кездейсоқ ұсталғандарды босатуды бұйырды.
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы тұтқындалғандардың санына алаңдаушылық танытқан болатын. Ұйым Қазақстанды адамдардың бейбіт жиналыстарға қатысуға, өз ойларын ашық айтуға және саяси өмірге араласу құқықтарын құрметтуге шақырды