Президент бүткіл қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Neonomad.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Құрметті отандастар! Күллі мұсылман үмбетін Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Қасиетті Құрбан айт – мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарының теңдессіз көрінісі ретінде халқымыздың рухани дүниесінен ерекше орын алатын мейрам. Имандылықты өскелең ұрпақты тәрбиелеу көзі деп санайтын мұсылман қауымы осы күні ізгі ниетімен игі істер атқарып, өзара түсіністік пен келісім рухын нығайта түседі»,- деді президент.
Тоқаев, бұл қасиетті мереке ынтымақ пен бірлікті қадір тұтып, сақтап келе жатқан еліміз үшін өте маңызды болып саналатынын айтты. Қазақстандықтарға зор денсаулық, құт-береке тілеп, Отанамыз өркендей берсін деді.