Мемлекет басшысы отандық өнімді қолдады. Ол Алматыда шығарылатын аяқ киімді сатып алды, деп хабарлайды Neonomad.kz президенттің Twitter парақшасына сілтеме жасап.
Білгілі болғандай, 30 шілдеде «Айқын» газетінде Алматы қаласында орналасқан аяқ киім фабрикасы туралы ауқымды материал жарияланған. Онда компания құрылтайшыларының бірі әрі басқарушы директоры Дәурен Раманқұл елімізде «етікші тапшы» деген тақырыпта сұқбат беріп, фабрикасы жайлы айтып өткен.
Осы мақаланы оқып, сүйсінген елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев жас кәсіпкерді қолдауға бел буады.
«Айқын» қарапайым еңбек адамдарын үнемі насихаттайды.Жақында етік тігетін жас кәсіпкер туралы жақсы сұхбат жарияланды. Отандық өнімді қолдау мақсатында мен де бір аяқ киімін сатып алдым.Адал еңбек етіп, нақты кәсіппен айналысуға деген көзқарас орнығуы тиісhttps://t.co/iJPHCvzEqN
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) August 1, 2019
Кәсіпкер Дәурен Раманқұлдың сөзінше, президентке газет бетіне жарияланған сурет ұнап, ол аяқ-киім сатып алуға шешім қабылдаған.
«Кейінірек WhatsApp мессенджерімен баспасөз қызметінің жетекшісіне аяқ киімдердің модельдерін жібердік. Президент қоңыр түсін таңдады. Туфлиді Қазпоштамен жібердік және ол төлеп алды. Бағасы 21 мың теңге, ал аяқ киім өлшемі – 43. Ол қоңыр түсті лофер алды. Біздің аяқ киімдер таза былғарыдан», – деді Дәурен Раманқұл.
Сөйтіп, президент аппараты төрт жұп аяқ киімге тапсырыс берген: бір жұбы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, екіншісін Берік Уәлиге және тағы екеуін екі қызметкерге.