Ата анасы баласы сабақтан тым кеш қайтқаны үшін жазалаған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ер адам баланы ұрып қана қоймай, оны тамақсыз қалдырған және өгей ұлына тізесіне қарақұмық жармасын қойған. Жас баланы бұлай азаптау жарты сағаттан тоғыз сағатқа дейін созылып отырған.
Бұл ретте баланың туған анасы өзінің ер азаматына кедергі жасамай, «тәрбиелеу» әдістерін дұрыс деп тапқан.
Бала кезекті «тәрбиелеуден» кейін көршілеріне қашып барған. Өгей әкенің қорлығы сол кезед әшкере болған. Көршілері дереу полиция қызметкерлерін шақырған.
Қазір ер адам қамауда, ал баланың анасы — ешқайда кетпеу туралы қолхат жазды. Олар жеті жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бала ота жасалды. Хирургқа баланың тізесіне өскен тері мен қарақұмықты алып тастауға тура келді. Қазір баланың жарасы жазылып келе жатыр.