Ақтауда тіс дәрігері емдеу кезінде кішкентай баланы жұлқылып дөрекілік танытқаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш видео әлеуметтік желіде тарай бастады. Белгілі болғандай, оқиға 1 қарашада Ақтау қаласының 1-ші шағын ауданында облыстық стоматологиялық орталықта болған.
Кадрдан тыс сөйлеп тұрған келіншектің сөзінше, алдымен баланы өзімен алып кірген. Алайда кішкентай пациент қорқып, көнбеген соң тіс дәрігеріне қалдырып кеткен. Сондай-ақ, әйелдің сөзінше, бала «БЦП ауруымен ауырады» екен.
Анасы кетіп қалғанын көрген кішкентай мазалана бастаған. Сөйтіп ашуға мінген тіс дәрігері оны жұлқылап, креслоға күшпен жатқызады.
Баланы тыныштандыра алмаған дәрігер кейін қолына қандай да бір затты алып, қорқыта бастайды. Осы уақыт аралығында тіс дәрігеріне екі әйел көмектеседі. Баланы бәрібір де қарай алмаған ер адам кейін оны қолына алып кабинеттен шығып кетеді, деп жазады басылым.
Кабинеттен шыққан бойы кішкентай бала дәрігердің оны ұрғанын айтқан.
Жәбірленушінің анасы сол күні-ақ полицияға арыз жазған.
«Өтініш ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Тексеру жүріп жатыр», – деп хабарлады Полиция басқармасы.
Кей мәліметтер бойынша, баланың БЦП диагнозы бар.