Белгілі продюсер Тимур Балымбетов өзін «подкаблук» деп айыптаған оқырмандарына жауап берді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
«Әйелдерімізді, сүйіктілерімізді бағалау бізден басталады. Біреулер жұбайыларының көзін көгертіп “герой”, “вайнер” атанады, кей әйелдерге ол соншалықты үйреншікті жағдай, тіпті өздері сіңлілеріне шыда, бізді де ұрды, өлмейсің – деп ақыл айтады.
Не деген қатыгездік. Тоқтатайық! Аға буынға сенім жоқ, елді өзгертетін жастар. Сондықтан осы жастарымызды жаңа челленджге шақырам. Сүйіктіңді қолынан сүйіп хэштегпен осында сал. Сүйіктілерімізбен мақтанайық, ОЛАР ЛАЙЫҚТЫ!!!» – деп жазды ол.