Түркістан облысында есірткі дайындаумен айналысқан теріс ағымға түскендер сотталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды сату мақсатынсыз заңсыз дайындады және құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұққаны дәлелденді.
Күдіктіге Түркістан облысы Жетісай аудандық соты 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы және 90 АЕК көлемінде айыппұл тағайындады. Іс материалдарына сәйкес Ә. Тәңірбергенов ірі мөлшердегі есiрткi заттарды дайындап, сақтауды діни амалдарды орындайтын бөлмеде жүзеге асырғаны белгілі болды. Мұны сотталған азамат ұстанатын «діни» ағымының аталған әрекеттерге жол беретіндігімен түсіндірді.