Ресейдің Красноярск қаласында бұрын сотталып, жазасын өтеп шыққан екі ер адам топтық зорлауға қатысты деп айыпталды. Ақыры олар жабылып зорлаған қыз терезеден секіріп кеткен, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі РФ тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 10 қазан күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олар пәтерге 25 жастағы «көбелек» қызды шақырған. Алайда бойжеткен бастапқы келісім бойынша тек бір ер адам болуы керегін айтып, қызмет көрсетуден бас тартады.
Екі азамат бойжеткеннің сөзін құлаққа ілмей 8 сағат бойы ойына келгенін істеп, аяусыз зорлайды.
«Осы жағдайдан кейін қыз бала таңғы уақытта пәтердің терезесінен секіріп кеткен. Жарақаты ауыр», – деді тергеу комитетіндегілер.
Күдіктілер қолға түсті. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр.