Теңізшевройлдағы келіспеушіліктерге қатысты іс бойынша күдіктілердің бірі ұсталды, Neonomad.kz ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа сілтеме жасап.
Оның сөзінше, адам денесіне жарақат салу және бұзақылық бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды.
«Әрбір қылмыс бойынша қатысушылар бар. Сол себепті қазір басты күдікті ұсталып отыр. Одан бөлек, тағы бірнеше адам бар. Оларға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді министр.
Еске сала кетсек, 29 маусымда мұнайшылардың Теңізшевройл қалашығында жергілікті жұмысшылар мен шетелдік азаматтардың арасында келіспеушіліктер болып, 30 адам жарақат алған болатын. Белгілі болғандай, бүгін Теңіздегі 3GI зауытының мыңға жуық жұмысшысының ереуіл жасаған. Бұған Ливия азаматы Ели Даудтың (Eli Daoud) әлеуметтік желідегі суреті себеп болған. Ол фотода рация ұстап тұр. Ал рацияның антеннасы жанындағы қазақ қызының ерніне тигенін көруге болады.