Алматыда ер азаматтың қолындағы телефонды тартып алмақшы болған ұры адам өлтірді, деп хабарлайды Neonomad.kz қалалық полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, 2 тамызда 53 жастағы ер азамат өз үйінің жанында отырған. Сол кезде оған белгісіз біреу келіп, телефонын тартып алмақшы болған. Жәбірленуші туысқанын көмекке шақырады. Жас жігіт пен қылмыскер төбелесіп қалып, салдарынан жәбірленушінің туысқаны пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды.
«102 пультіне қылмыс туралы дабыл түскенде, жедел іздестіру шарасы ұйымдастырылып, оған қызметтік ит қосылды. Жеке сектордың барлық жерлері тексерілді. Үйлердің біріне қарасты моншаның төбесінде күдікті көзге ілінді. Ол берілігісі келмеген. Қолында сол пышақпен біздің жедел топқа қарсылық көрсеткен. Бірақ пышақ құрықталды», – деді Алматы аудандық полиция Басқармасының бөлім бастығы Талғат Назанов.