«Би-би-си» тележүргізушісі Майкл Бюерк ұлттық денсаулық сақтау қызметінің ақшасын үнемдеу үшін биліктің семіз адамдарға көмектеспеуі керегін айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, семіздік ауру болып саналмауы тиіс.
«Сіздер көп тамақ жейтіндіктен, семіріп жатырсыңдар», – деп қорытты Бюерк.
Мұнымен қатар, тележүргізуші әр адамның «қате таңдау жасауға» құқығы бар екенін айтты. Сондай-ақ, ұзақ өмір сүру үнемі басты мақсат болмауы керектігін жеткізді.
Бюерктің айтуынша, семіз адамдар ауру емес, әлсіз болып келеді.
Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің мәліметінше Англияда әрбір үшінші ересек пен 11 жасқа дейінгі бесінші бала семіздік ауруына шалдыққан.