Туринде неонацистердің астыртын қоймасын табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz 24 телеарнасына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылар тауып алған жертөледе қару-жарақ, зымыран сақталған. Сонымен қатар, 26 мылтық, 20 сүңгі-найза мен түрлі калибрдегі 800 оқ-дәрі табылған. Арнаның ақпаратынша, зымыран Катардың әскери күшіне тиеслі болған француздың Матра зымыраны екен. Неонацистер оны WhatsApp арқылы сатуды көздеген екен.
«Жалпы қару толы қойма Донбасстағы сепаратистердің қатарына қосылған Италия азаматтарын тергеу кезінде анықталды. Нәтижесінде үш адам қамауға алынды. Олардың бірі – оңшыл радикалдар атынан елдің Парламентіне өтпек болған кеден қызметкері»,- деп жазады арна.