Таразда ауыр қылмыс жасалды. Перзентханадан жаңа туған нәресте ұрланды, деп хабарлайды Neonomad.kz Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
8 шілде күні Тараз полициясы бөліміне нәресте жоғалғаны туралы арыз түскен. Белгілі болғандай, арызданған нәрестенің анасы. Оның сөзіне, облыстық перинаталды орталықта жатқан сәбиін белгісіз біреулер ұрлап кеткен.
Жедел топ орталықтағы барлық бейне бақылау камераларын тексеріп, күдіктінің перзентханадан шыққаннын, кейін қай бағытқа бет алғанын анықтаған.
Іздестіру барысында полиция қызметкерлері нәрестені перзентханаға жақын маңдағы қонақ үйден тапқан.
Тергеу мәліметінше, Жамбыл облысы Қаракемер ауылының тұрғыны нәрестені ұрлады деген күдікпен ұсталды. Ұсталған күдікті – 22 жастағы әйел.
Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-тармағы 1-тармақшасы «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен кәмелетке толмағандарды сату» бойынша тергеу басталды. Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.