Таразда кәмелет жасына толмаған қызды зорлап кеткен қылмыскер қолға түсті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев өз Facebook парақшасында жазды.
«Ағымдағы жылдың 15 қарашасында «103» жедел жәрдем қызметінен Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деген хабарлама келіп түсті.
Аталған дерек бойынша Жамбыл облысының Полиция департаментімен Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлімі және 121-бабы 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Жамбылдық полицейлермен ауыр қылмысты жасаған күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталды. Жәбірленуші күдіктіні таныды. Қазіргі уақытта ол Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деп жазды ол.