Алматыда тапсырыс бойынша адамды қинап өлтірген киллер 15 жылға сотталды, деп xабарлай Neonomad.kz Закон.кз сайтына сілтеме жасап.
Полиция қылмыс жасаған киллердің тұлғасын анықтап, оны ұстады. Тергеу амалдары барысында, сотталушы әйелді белгісіз Саида дегеннің тапсырысы бойынша өлтіргені белгілі болды. Осы «қызметі» үшін 500 мың қарызын өтеп беруге көмек беретінін айтыпты тапсырыс беруші.
Келісімнен кейін киллер әйелге қоңырау шалып, пәтер жалға алғысы келетінін айтқан. Пәтер көрсетуге келген әйел үйге кіре бергенде сотталушы темір дубинкамен оны қатты ұра бастайды.
Алған жарақаттан әйел сол жерде көзін жұмған.
Қылмыстық істің материалдарымен танысқан сот киллерді 15 жылға соттады. Ол мерзімін қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады.