Шымкентте өз құрбысын өлтірген әйел танымал әнші сотқа дейінгі тергеу кезінде Марат Омаровтың сүйіктісімін деп, тергеушілерді қорқытпақ болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға осы жылдың сәуірінде Шымкент қаласында болды. Әл-Фараби аудандық соты істі қарап, жергілікті тұрғынға қатысты абайсызда кісі өлтіру бойынша үкім шығарды.
Алайда бұл істе танымал әнші Марат Омаровтың есімі аталды. Қылмыс жасаған әйел өзін әншінің сүйіктісімін деп таныстырған. Дәлел ретінде ол концерттердің бірінде маэстромен бірге түскен фотосын тергеуге көрсеткен.
Әнші БАҚ өкілдеріне сотталған әйелмен таныс еместігін, оны бұрын ешқашан көрмегенін айтты. Ол танымалдылықтың өзін жала мен күмәнді істердің алдында дәрменсіз ететініне қынжылған.
Алдын ала тергеуге қатысқан Омаров мұндай келеңсіз жағдайлардан тіпті Филипп Киркоров және Игорь Николаев сынды ресейлік жұлдыздар да сақтандырылмағанын айтып, ақталды.
Ол өзіне назар аударту үшін мұндай істермен арам пиғылды адамдар айналысатынына сенімді. Алайда Омаров мәселені жылы жауып қоя салмақ емес. Егере осылай жалғаса берсе, ол іке өзінің қорғаушыларын тартпақ.
Бірнеше уақыттан кейін сотталушы әйел өзінің жалған сөйлегенін мойындап, маэстромен таныстық туралы мас күйде түсінік бердім деп ақталған.
Әйелдің сөзін судья Талғат Қахаров та растады. Белгілі болғандай, қылмыскер тұтқындалған кезінде мас болған. Сот Марат Омаровтың іске қатысы бар-жоғын анықтай бастағанда, әйел өзін оның шығармашылығының табынушысымен деп атаған.
Кейінірек әйел әншіні мүлдем танымайтынын айтқан.
Кісі өлімі Шымкенттегі жалдамалы пәтердің бірінде болған. Тергеудің айтуынша, сотталушы мен оның құрбаны кездейсоқ таныстықтарын атап өтпек болып, пәтер жалдаған және спирттік ішімдік ішкен.
Ащы суға тойып алған екі әйелдің арасында жанжал шығып, сотталушы құрбысын итеріп жібереді. Осыдан кейін әйел ұйқтап қалған. Таңертең оянған ол, танысының жан тапсырғанын біледі.
Әл-Фараби аудандық соты кісі өлімі абайсызда болған деп есептеп, үш баланың анасына екі жыл түрмеде отыру жазасы кесілген.
Қайтыс болған әйелдің Ерғали есімді ағасы жазаны тым жұмсақ деп есептеп отыр.
Оның айтуынша, сот іс материалын терең зерттемеген және барлық куәгерлердін жауап алмаған. Оған қосымша, Ерғали сотталушыдан істеген ісі үшін өкінетінін бір рет те естімеген.
Ерғали бапты қайтадан квалификациялау үшін аппеляциялық шағым түсіріп қойыпты.