Қостанай облыстық соты «Тальго» пойызында әйел зорлау оқиғасына қатысты апелляциялық шағымды қарастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Neonomad ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Судья Асламбек Мергалиев шешімді оқығаннан кейін бірінші инстанция үкімі өз күшін жоғалтты. Іс заң бұзушылықтарды реттеу мен тергеуді соңына дейін жеткізу үшін прокуратураға қайтарылды.
Процестің өзі секілді шағымды қарау да жабық режимде өтті. Апелляциялық шағымды бірнеше тарап берді: бұл Қостанай транспорттық прокуратурасы, сотталған Қ. шағымы, сотталғандар мен жәбірленушінің адвокаттары.
Естеріңізге сала кетсек, Қостанайдың №2 соты Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязовты «Тальгода» әйел зорлады деп айыптап, оларды 2,6 жылға бас бостандығынан айырған еді.
Жәбірленуші тарап максималды мерзім беруді, ал прокурор колонияға 6 жылға жабуды сұрады. Сотталғандар өз кінәсін соңына дейін мойындамады, жағдайдың екі тарап келісімімен болғанын айтты. Ал судья Оразбай Сатыбалды жазаны қатаңдатуға негіз жоқ екенін, керісінше екеуінің осы күнге дейін істі болып көрмеуі мен біреуінің кәмелеттік жасқа толмаған екі баласының бары себеп болғанын айтты.