Жұма, Ақпан 26, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Жұртты жылатты: Арбаға таңылған талғарлық жігіттің тағдыры

Жас жігіт екі жыл бұрын жол апатына ұшырап, содан бері төсек тартып жатып қалған

Автор
Мамыр 8, 2019
Қазақстан, Басты жаңалықтар, Бейне, Оқиға
0
Бөлісу
35
Қараушылар
Поделиться на Facebook

2017 жылы Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің 2-курс студенті Бағдәулет Әмірханов жол апатына түскен. Жұлыны үзіліп,19 жасында арбаға таңылды. Ол апаттың қалай болғанын, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан махаббат хикаясының қалай басталғанын «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Sputnik.kz

Апат қалай болды

2017 жылдың 16 наурызын Шынар Бекетаева қорқынышты түс секілді еске түсеретінін айтады. Бағдәулет достарымен Талғардан Алматыға қыдырып баруға сұранады. Анасы бір сұмдықты сезгендей жібергісі келмейді. Апат үйге қайтып келе жатқан жолда болады. Шұңқырға кірмес үшін жүргізуші тежегішті басқанда, көлік айналып талға соғылған. Бағдәулеттің  аяқ-қолы бірден қозғалмай қалыпты.

«2-курс студентін ұстап тұра алмаймын ғой. Талғардан Алматыға 4 досымен барған. Алматыдан келе жатқан жолда тағы бір жолаушы алған кезде балам ортаға отырыпты. Жолаушыны алмағанда балам апат болған кезде ұстанып қалар ма еді деп ойлаймын «, – дейді анасы.

Бағдәулеттің әкесінің айтуынша, баласының достары жедел жәрдем шақырмай, ауруханаға өздері жеткізбек болған.

«Олар такси тоқтатып, баламды жұлқылап шығарған, жұлқылап таксиге отырғызған. Мойын омыртқасына зақым келген», – дейді әкесі.

Көліктегі өзге төрт адам дін аман. Бірақ Бағдәулет олармен қазір араласпайтынын айтады.

«Біз сағатына 100-120 шақырым жылдамдықпен келе жатқанбыз. Досымның ағасының көлігі болатын. Тез кел дегесін, асықтық. Қатты жылдамдықпен келе жатқанда алдымызда шұңқыр болды. Жанымызда тағы бір көлік келе жатқан. Жүргізуші көліктің тежегішін басқан кезде басым төбеге соғылды. Мойын омыртқам шығып кеткен болар. Бірден аяқ-қолымды сезбей қалдым», – дейді жас жігіт.

Бағдәулет қазір саусақтары мен қолын қозғалта алатынын айтады. Оған ота жасаған дәрігер Нұрлан Серіктің айтуынша, 1 жарым жылға дейін Бағдәулеттің даусы шықпаған. Трубкамен дем алған.

«Бір жарым жылдан кейін нейрореабилитацияға келді. Операция жасап, кеңірдегіне түтікше қойып, даусын шығардық», – дейді дәрігер.

Бағдәулет отадан соң өзінің даусын өзі танымай қалғанын айтады. Жас жігіттің мұндай ауыр тағдырын естіген жұрт бәрі көзіне жас алды.

Бағдәулет пен Құралайдың махаббат хикаясы

Қазір әлеуметтік желіде Бағдәулет пен Құралайдың махаббат хикаясы қызу талқылануда. Бірі оларға бақыт тілесе, енді бірі олардың сезімдеріне күмәнмен қарайды. Бағдәулет Құралаймен қалай танысқанын айтып берді.

«Құралайдың сіңлісі менің досыммен араласатын. Ол қыз ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырған кезде қолдау көрсетуге бардық. Сол кезде Құралаймен таныстым «, – дейді Бағдәулет.

Құралайдың жасы жиырма екіде екен. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті «Ғарыш және технологиялар» мамандығының 1-курс магистранты.

«Бағдәулетті ауруханада көргенде өте ауыр сезімде болдым. Шыққан соң жыладым. Сезімім өтірік емес. Басында дос ретінде араласып жүрдік. Бәріміз оның тезірек жазылып кеткенін қалаймыз «, – деп Құралай көзіне жас алды.

Бағдәулет Құралайдың мінезіне ғашық болғанын айтады. Екеуінің ата-аналары да танысыпты.

«Ана жүрегін түсінемін. Бала жүріп кетсе, келісімін беретінін айтты. Әкесі керемет кісі екен. Бәріміз баланы дәрігерлерге көрсетейік. Қазір дамыған заман ғой деп айтты», – дейді Бағдәулеттің анасы.

Бағдәулет Құралайға ұсыныс жасады

Бағдәулет Құралайға тосын сый ұйымдастырып, ұсыныс жасапты.

«Далаға шығып, қыдырып қайтайық деді. Жолда достарымызды кездестірдік. Жақындаған кезде музыка естілді. Сездім кішкене. Ол сөз салған сәтте айналада шырақтар, гүл шоғы, сақина бәрі болды. Екеуіміздің достарымыз жиылды», – дейді Құралай.

Журналист Маржан Сәдуақасова Бағдәулет пен Құралайдың сезіміне күмәнмен қарайтындардың өздерін сынады.

«Ол адамдардың өздерінің ішкі жан-дүниесі дұрыс емес. Мәдениеті өте төмен. Өзгенің бақытын көре алмайды», – дейді ол.

Әлеуметтік желілерде таныла бастағасын Бағдәулетке қыздар жиі жазатын болыпты. Құралай мұндай кезде сүйіктісін қызғанатынын жасырмады. Бағдарламаға келген қонақтар Бағдәулеттің оқуын қашықтықтан жалғастыру мәселесін көтеретінін айтты. Ал дәрігерлер болса, медицина бір орында тұрмайтынын айтып, емделуді тоқтатпауға кеңес берді.

Тегтер: жол апатымүгедекТалғар

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Әнші Жанар Хамитованың шетелдік күйеуіне Дінмұхаммед Қонаевтың қандай қатысы бар?

Келесі жаңалық

Біз қонуға дайын емеспіз! Экипаж бен диспетчердің әңгімесі жарияланды

Келесі жаңалық
Мәскеудегі трагедия

Біз қонуға дайын емеспіз! Экипаж бен диспетчердің әңгімесі жарияланды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ләйлә Сұлтанқызы: Кейде ұлдарға шамаң жетпегенін көріп, бұрынғы энергия қайда кеткен деп ойлаймын
Қазақстан

Ләйлә Сұлтанқызы: Кейде ұлдарға шамаң жетпегенін көріп, бұрынғы энергия қайда кеткен деп ойлаймын

Ақпан 25, 2021
856
Отағасы көрші әйелдің жүрегі мен картоптан тамақ пісірген
Әлем

Отағасы көрші әйелдің жүрегі мен картоптан тамақ пісірген

Ақпан 25, 2021
246
«Өмір мұнымен бітпейді»: Қарағандылық студент теміржолдағы оқиға салдарынан аяқсыз қалды
Қазақстан

«Өмір мұнымен бітпейді»: Қарағандылық студент теміржолдағы оқиға салдарынан аяқсыз қалды

Ақпан 25, 2021
181
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
5.7k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда сотталғандар қарттар үйінің ауласындағы қарды күреп берді

Ақпан 25, 2021
27

Ләйлә Сұлтанқызы: Кейде ұлдарға шамаң жетпегенін көріп, бұрынғы энергия қайда кеткен деп ойлаймын

Ақпан 25, 2021
856

«Өмір мұнымен бітпейді»: Қарағандылық студент теміржолдағы оқиға салдарынан аяқсыз қалды

Ақпан 25, 2021
181

Павлодарда еркек оқушы қызды тепкінің астына алды: жұрт құры қарап тұрған

Ақпан 25, 2021
38

Дана Нұржігіт: Кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға сай келмейді

Ақпан 25, 2021
5

Тоқаев: Жерді шетелдіктерге сатуға, жалға беруге заңмен тыйым салуды тапсырамын

Ақпан 25, 2021
0
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.