Талдықорғанда аялдама құны пәтерден қымбат болып тұр, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Жас Алаш сайтына сілтеме жасап.
Сайтта «Баталов мырза, аялдама салу бәйгесі қашан аяқталады» деген материал шықты. Онда бір аялдаманаың құны 4 млн 230 мың 196 теңге тұратыны белгілі болды. Барлығына кететін қаржы – 194 589 016 (жүз тоқсан төрт миллион бес жүз сексен тоғыз мың он алты) теңге.