Алматыда өткен бокс кешінде кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өз қарсыласын 14 секундта нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Neonomad.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Доминикалық Хулио де Хесуспен шаршы алаңға шыққан қазақ боксшысы қарсыласын тез арада құлата алды.
Басылымның ақпаратынша, Балуан Шолақ атындағы бокс кешінде Қанат қарсыласын қауіпті соққылардың астына алған. Нәтижесінде қарсыласы ес жия алмай, жер жастануға мәжбүр болды. Бірінші раундтың 14-секундында келген бұл жеңіс Қанаттың кәсіпқой бокстағы 26-ыншы сәтті жекпе-жегі ретінде тарихқа енді.
Ал Хулио де Хесус үшін 27 кездесуіндегі екінші жеңілісі екен.