Елордадағы «Абу-Даби Плаза» объектісінің құрылысы жүріп жатқан жерде шетелдік және қазақстандық жұмысшылар арасында қақтығыс болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті 20 шілде күні сағат 15.06 кезінде жұмысшылардың өзара сөзге келіп қалғанын растады. Аталған жұмысшылар Ақмешіт пен Сығанақ көшелерінің қиылысындағы Sheraton Hotel Astana қонақ үйін салып жатқан.
«Бұған «Абу-Даби Плаза» құрылыс объектісінде жұмыс істейтін қыздардың бірінің шағымы себеп болған. Дәлірек өзіне шетелдік азаматтан келіп түскен SMS хабарламаға байланысты болған. Полиция қызметкерлері келіп тәртіп орнатты. Жұмысшылар үйді-үйіне тарасты. Ұрысқа қай азаматтардың қатысқаны белгілі болды. Тексеріс жұмыстары жүріп жатыр», – деді Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, олар әлеуметтік желіде тараған жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.
Сурет: informburo.kz