Дүйсенбі, Қаңтар 25, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Өмір

«Таңғы 3-тен тұрамыз»: Астанада қар тазалап жүрген көпбалалы ананың оқиғасы жұртты жылатты (видео)

Қараша 18, 2019
Өмір, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
qaz.neonomad.kz

Сурет видеодан скриншот

Поделиться на Facebook

Астананың тазалығы үшін тыным таппай еңбек етіп жүрген көпбалалы ананың тағдыры көгілдір экраннан көрсетілді. Бала-шағаның қамын ойлаған ана таңғы сағат үш тұрып, күніне 80 шақырым жүріп 80 мың теңге алады екен, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Көпбалалы ананың қиын тағдыры Еуразия бірінші арнасынан көрсетілді.

Нұр-Сұлтанда жас қыз бассейнге батып кетті: Оқиғаға қатысты тың деректер айтылды

Қытайда аса қауіпті ауру тарап жатыр: дәрігерлер емін әлі таппады

Нәзік жан дейміз-ау, дегенмен қарлы-жаңбырлы ауа райына қарамай, қаланың тазалығы үшін күніне 12 сағат жұмыс істейтін кейіпкер Әйгүл апайымыз жұмысын таңғы сағат 6-да бастады. Елорданың тазалығына атсалысып жүргеніне 6 жыл болыпты. Сақырлаған сары аяз да, бет қаратпайтын боран да кедергі емес.

Апай қай жерден бастаймыз жұмысты?

Қазір мыналарды жинап тастайық, сосын мына кезден бастаймыз.

Мен де текке тұрмай Сізге көмектесейін. Мыналарды жібітіп.

Күнде осылай жұмыс істейміз.

Менің білуімше, сіз 80 шақырым жерден келдіңіз иә?

Иә, күніне 80 шақырым жүреміз.

Қандай ауылда тұрасыз?

Көбетейде тұрамыз.

80 шақырымды еңсеріп келгендегі алатыны айына 80 мың. Айтуынша, ауылда табыс көзі жоқ. 4 баланың қамы үшін таңғы 4-те тұрып, амалсыздан қалаға қарай беттейді.

Бірақ айлығымызды көтерсе деген, ниет те жоқ емес шығар?

Ниетіміз бар. Біздің еңбегіміз ауыр. Таңғы 3-тен тұрамыз. 2 сағат жол жүріп келеміз. Жол да қазір қыс ауасында қиын. Тайғанақ болады.

Кеше сөйлескен кезімізде айтып едіңіз, күніне 2-ақ сағат қана ұйықтаймын деп.

Ия, күніне 2-ақ сағат қана ұйықтаймын. Өйткені, 1 ұл, үш қызым бар. Үлкен қызым тұрмыста одан бір немерем бар. Жолдасым осыдан 4 жыл алдын қайтыс болды. Жұмысымыз бірақ өте ауыр әйел адамға.

Білуімізше, елорда тұрғындары жұмыстың бұл түріне бара қоймайды. Сондықтан қарды қолмен жинауға Астанадан 70-80 шақырым қашықтықтағы ауыл адамдары тартылған. «Жұмыстың ауырлығы жазда білінбейді, қыста қиын», – дейді Айгүл апай. Иа, астананың қысы қытымыр. Соның өзінде бас қаланың қарға бөгіп жатқанын көрмейсің. Себебі олар сіз тәтті ұйқыда жатқанда таңмен таласа тұрып, шаһардың шырайын келтіріп қояды.

Көпбалалы ана ретінде Үкіметтен алмайсыз ба ешқандай жәрдемақы?

Екі қызыма 44 мың теңге аламын. Зарплатаны санайды. Зарплатаңыз көп, асып кетеді деп, берген жоқ.

Мына жақтың бәрі тап-таза. Сіздер ғой, жинап қойған.

Иа, күнде осы, осылай жұмыс істейміз. Мына Пирамида жақ, жолдың бойы, барлығы біздің жұмысымыз.

Бір бөлімшеде қанша адамсыздар?

Қанша екенін білмеймін. Бір бригадада 30-40 адам.

Өзіңіз секілді әйел адамдар көп пе?

Еркек адамдарға қарағанда әйел адамдар көп.

Олардың барлығы жетіскеннен жүрген жоқ әлбетте. Өмірдің заңдылығы сол. «Әркім өзі үшін жанталасады, жан бағады», дейді кейіпкеріміз.

Өмір солай болып қалды қазір. Өз туғаныңыздың да жаны ашымайды.

Апай, күн 26 градусты көрсетіп тұрғанмен, желмен 33 градус екен. Кішкене жылынып, шай ішіп алайықшы.

Мына шағын күркеде жұмыскерлер жүрек жалғайды, бойларын жылытып шай ішеді. 2 сағаттық үзілістен соң қайта қар күреуге кіріседі. Тіршіліктің тауқыметінен өзге, Айгүл апайдың жанына бататын тағы бір нәрсе бар екен.

Еңбектеріңізді бағаламайтын адамдарға не айтасыз?

«Бағаламайтын да адамдар болады. Жинап кеп жатқаныңызды көріп тұрып, үйдің мусорын әкеп, урнаның қасына тастап кетеді. Олар айтады. Сенің жұмысың ғой, істе деп». Бірақ мен Астана тазалықта істегеніме арланбаймын. Өйткені осының артында бала-шағамды бағып отырмын.

Қар қалың түскен күні, тиісінше, жұмыс уақыты да ұзарады. Сондай суық күндердің бірінде жүректі жылытқан мына бір оқиға Айгүл ханымның есінен кетпейді.

«Бір күні тәуелсіздік сарайының жолында кетіп барамыз, Қар күреп жатырмыз, қар деген борап тұр. Бір кісі термоска шай құйып алыпты. Бізге шай алып кеп беріп жатыр да. Как раз тоңып тұрғанбыз жұмыста. Сол әлі есімнен кетпейді, бүкіл адамға айтып жүремін соны».

Тегтер: Қазақстан жаңалықтарыНұр-Сұлтан
Бөлісу33ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

"5-20-25" жаңа тұрғын үй бағдарламасы: Баспаналы болудың тағы бір жолы

Келесі жаңалық

Тергеу барысында кәсіпкерді азаптаған болуы мүмкін: Олеся Кексельге қатысты тың деректер

ҰқсасЖаңалықтар

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
499
Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді
Денсаулық

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
37
АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды
Әлем

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
13
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
531
Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті
Әлем

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
206
Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды
Әлем

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
qaz.neonomad.kz

Тергеу барысында кәсіпкерді азаптаған болуы мүмкін: Олеся Кексельге қатысты тың деректер

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
499
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
531
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.7k
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.6k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
499

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
37

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
13

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
531

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
206

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.