Танымал әнші Абай Бегейдің екінші әйелі сұқбат беріп, күйеуін «тақсыр» деп атайтынын жұртқа жария етті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Абай Бегейді «тақсыр» деп шақыруды оның Фариза есімді екінші жұбайы өзі қалапты.
БАҚ алғаш рет сұқбат берген ол әншінің отбасылық өмірде қандай адам екенін айтып берді.
«Жақсы отағасы, жұмсақ адам. Қыздарды көп еркелетеді. Кейде ұрысып қаталдық танытады. Ол кісіні «тақсыр» деп атау өзімнің қалауым. Атымен атамаймын. Кейде қалжыңдап, «Абай аға» дейтінім бар. Сіз деймін. Басында бір түрлі болған шығар, бәрақ кейін үйренісіп кетті. Бәрі таңғалады, күледі. Кейін үйренеді» , – деді Фариза.