Танымал актер Тәуекел Мүсілімнің жүрегін жаулаған арудың кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Ревю бағдарламасына сілтеме жасап.
Жасы отыздан ассада үйленбей жүрген актер сүйіктісімен некесін мешітте қидырғаны белгілі болды.
Қуанышты жаңалықты көптен жасырып қалғысы келген Тәуекелдің жоспары іске аспады. Әлеуметтік желілерде олардың мұсылмандық неке қидыру сәтінен сурет тарап кетті.
Осы көріністің қаншалықты рас екенін білгілі келген тілшілерге Тәуекел «бұл жайлы сәл кейінірек толық мәлімет беретінін» айтқан.
Дегенмен, суретте актердің жанында тұрған қыздың есімі Махаббат Түктібаева. 24 жастағы бикеш Қарағанды медицина университетін дәрігер мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұрымдының сән өнеріне қатысы бар болып шықты.