Қасым-Жомарт Тоқаев «ұлттық буржуазияны» қолдап, тиісті емес тексеріс жүргізетін шенеуніктерге ескерту жасады, деп хабарлайды Neonomad тілшісі.
Мемлекет басшысы елде бизнестің ілгерілеуіне кедергі келтіріп отырған шенеуніктерге қатаң түрде ескерту жасады.
«Бизнестің алға дамуына кедергі келтіретін мемлекеттік органдар мен олардың басшыларының әрекетін қылмыс деп танитын уақыт жетті. Өзге елдердегідей олардың әрекетін қылмыстық деп қудалап, заңнамада қатаң шара қарастыруымыз қажет», – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде.
Мұнымен қатар, ол керісінше ұлттық бизнесті барынша қолдап отыруға шақырды. Бұдан былай рұқсат етілмеген тексеріс жүргізетіндердің қатаң жазаланатынын айтып өтті.
«Бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған шенеуніктер түрмеге жабылатын болады. Осыған байланысты үкіметке заңнамаға өзгеріс енгізуді тапсырамын», – деді президент.