Хиджаб киген Малика Джикаева ваннада жатып, түрлі әрекеттер істеп, соны видеоға түсірген. Бейнені көрген Instagram қолданушылары қызды ақылға шақырды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Солтүстік Осетияның блогері Малика Джикаева душқа түсіп, артынша косметикалық құралдардың бірін тіліне құйып, ваннадағы суға түсіп, отпен ойнап, сүт ішіп, оны кеудесіне төгеді.
«Менің тарапыма айтылатын сындардың бірде бірі өзім туралы пікірімді өзгерте алмайды. Сондықтан дауыстарыңыз қарлығып қалса да, маған бәрі-бір», – деп жазды ол.
Алайда желіге жарияланған видео көбісіне ұнамай қалды. Тіпті қыздың әрекетін сөгіп тастағандардың қатары көп болды.
«Сол орамалға қалқынып қалсаң екен. Саған қараудың өзі күнә», «Дін мен хиджабты қорлама. Егер видеодағыдай әрекеттер жасағың келсе, орамалыңды шеш те, ойыңа келгенді істе», деген пікірлер көп.