Түркияда қатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі «Анадолу» сайтына сілтеме жасап.
Агенттіктің ақпаратынша, Түркияның Эгей теңізі жағалауында 4,8 магнитудалы жер сілкінісі болды.
Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) сайты хабарлағандай, жерасты дүмпуі сегізінші тамызда жергілікті уақытпен 11:39-да тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Кушадасы айлағынан 8,19 шақырым қашықтықта болған. Зілзала ошағы 18,47 шақырым тереңдікте орналасқан.