Түркияда көпір опырылып құлап, нәтижесінде екі адам зардап шеккен деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Sputnik International сайтына сілтеме жасап.
26 тамызда Самсун қаласында орналасқан көпірлердің бірі опырылып түскен. Сол сәт бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Видеодан көпір үстімен өтіп бара жатқан екі адам мен көліктің өзенге құлағанын көруге болады.
Белгілі болғандай, аймақта нөсер жауын болған екен.
23 Ağustos 2019 tarihiyle başlayan Allah Terme gerginliği.. Tüm vatandaşlarımıza geçmiş olsun pic.twitter.com/hrmlN5ZiAw
— krali (@aliikaanaydn) August 26, 2019